Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Павлодарда 26 адам «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданды

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Павлодарда 26 адам «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданды

Бұл шара облыс орталығындағы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтті.

– Жастардың партия қатарынан табылуы қуанышты және маңызды, -деді облыс әкімі, облыстық филиал төрағасы Болат Бақауов партия қатарына қабылданғандарды құттықтау кезінде.

Мереке қарсаңында партиялық билетті алғандардың арасында «Хоспис» облыстық паллиативтік көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Әсем Қасенова, NOMAD MMA бойынша Қазақстан чемпионы, Ақсу ферроқорытпа зауытының балқытушысы Василий Гончаров және тағы басқалары болды.

Салтанатты шара соңында «Үздік бастауыш партия ұйымдары» конкурсының жүлдегерлері марапатталды.

Қазір өңірлік партия  ұйымының 65 мың мүшесі бар.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР