Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2018

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» фронт-офисі мен «Адалдық дүкені» ашылды

259 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Қазақстан теңіз университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен аталған университет жанынан «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы бойынша фронт-офисі және «Адалдық дүкені» ашылды.

Жоба мақсаты - білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау үшін жағдай жасау және де еліміздің білім беру мекемелерінде озық тәжірибені одан әрі пайдалану үшін пилоттық бағыттарды іске асыру негізінде құрылды. Бұл туралы агенттіктің аумақтық департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев және университеттің проректоры Ақылбек Ахметов айтты.

Өз кезегінде, аумақтық департаментпен Қазақстан теңіз университеті арасында жобаны іске асыру бойынша меморандумға қол қойылып, облыс аумағындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының тарапынан жобаның жауапты тұлғалары бекітілді.

Ал, «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – студенттер мен жастардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады.

Яғни, кез-келген студент сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған кассаға өткізеді. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған студент қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады.

Алдағы уақытта осындай іс-шаралар облысымыздың өзге де жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында жалғасын табатын болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Әлем қартая бастады

Әлем • Бүгін, 15:36

Енді ет бағытындағы құс өсіреді

Аймақтар • Бүгін, 15:32

Бокс: Ерәлиев ұтылып қалды

Спорт • Бүгін, 15:21

Ұқсас жаңалықтар