Президент • 01 Желтоқсан, 2018

Ақордада ҚР Президентінің штандарты көтерілді

104 реткөрсетілді

Бүгін «Ақорда» резиденциясы алдындағы алаңда Қазақстан Республикасы Президентінің штандартын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті,  деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасының штандартын көтеру рәсімін өткізу үшін резиденция алдында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, «Айбын», Президент полкінің Құрметті қарауылы сап түзеді. Бұдан кейін штандарт салтанатты жағдайда көтеріліп, Әнұран орындалды. 

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан қолданыла бастады. Штандарт Республика Президентінің төсбелгісі іспетті, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Ол Елбасының Астанадағы резиденциясында тұрады және оның көліктерінде болады.   

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар