«Полицейлердің кәсіби біліктілігің ең жоғары белгісі – экстремалдық, қысылтаяң жағдайда дұрыс әрекет ете білуімен өлшенеді. Ол үшін полицейлерге жауынгерлік қаруды қолдану дағдысын, атуды, күрестің түрлерін қолдана білуді қамтитын дайындық сабақтары жиі өтіп тұрады. Облыста ашылып отырған оныншы нысана көздеу тирі өңірдегі поллицейлер қызметін жетілдіруге жасалған қадамның бірі» деді Мереке Нағашыбайұлы.
Заманауи тирде атыстың көздеу және тактикалық әдістерін үйренуге барлық жағдай бар. Тирдегі дайындықтар полицейлердің қызмет барысында кездесуі ықтимал төтенше жағдайларға ұқсатылып өткізіледі. Онда шуды басатын, оқ тигізбейтін, жабу мпен оққағарлар орнатылған. Мұның барлығы атыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нысана көздеу тирінде жауынгерлік және қызметтік дайындықтар бойынша және полицейлерді атыстың теориялық машығын үйретуге арналған кластар жабдықталған.
Жаңа тирдің артықшылықтарын байқау үшін Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мереке Алшағыров нысана көздеуден болған жарысқа қатысты. Полиция полковнигі жарысқа қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетушілердің бірі болды.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай