Елбасының жолдауына сәйкес, облыс орталықтарында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығын құру қажеттігі басты мақсат болатын.Маңғыстау аумағына келген шетел азаматтарын тиісті тіркеуді қамтамасыз ету және олардың аймақта болуын бақылау, қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи жабдықталған үлкен жайлы залы бар көші-қон қызметі орталығының жалпы көлемі 3372,7 шаршы метрді құрайды, 4 қабаттан тұрады.
Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Мұнда шетелдік азаматтар медициналық тексеруден өтіп, ЖСН ала алады, барлық қызмет түрлерін ұсыну үшін мемлекеттік баж салығын төлей алады, сақтандыру полисін ресімдеп, Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметіне рұқсат алу үшін қажетті дактилоскопиялық тіркеуден өте алады. Сондай-ақ,көрсетілетін қызметтер қатарына шетелдіктерді тіркеу, визалық қолдау мәселелерін шешу, тұрақты тұруға қалдыру және азаматтық алу мәселелері кіреді.Жаңаорталықта қаруды тіркеу және сақтауға рұқсат беру, газ жабдығын орнатуға рұқсат беру, әкімшілік айыппұлдарды төлеу және күзет қызметі үшін лицензия берусекілдіполиция ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтер көрсетілетін болады.
Орталық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың күту уақытын қысқартуға ықпал етеді деп күтіледі.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы