02 Желтоқсан, 2018

Мұнайлы ауданында 15 отбасы пәтерге қол жеткізді

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мереке күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында балабақша мен тұрғын үй қолданысқа берілді.

Мұнайлы ауданында 15 отбасы пәтерге қол жеткізді

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы көлемі 13 888 шармы метр құрайтын 4 қабатты 7 тұрғын үй тапсырылды. Бұл жаңа пәтерлер кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың жұмысшыларына және арнайы санаттағы адамдарға берілді.

Жыл соңына дейін Батыр ауылында 4 пәтерлік 1 қабатты 20 тұрғын үй қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, Бозжыра ауылында 140 балаға арналған "Жанымай" бала бақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бүгінгі таңда Мұнайлы ауданы бойынша барлығы 58 балабақша (15 мемлекеттік, 43 жеке меншік) бар. Жыл басынан бері 614 орындық құрайтын 9 жеке меншік бала бақша есігін айқара ашып, жыл соңына дейін 497 орындық 7 жеке меншік балабақша іске қосылмақ. Қазіргі таңда тізімде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің саны 330. Жыл соңына дейін 97,3% балалар балабақшаға орналастырылады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы