–Тұңғыш Президент күнінде армандарыңыздың орындалып жатқаны – жақсылықтың нышаны. Шаңырақтарыңызда жылылық, жайлылық орнап, үйлеріңізге жаңа бақыт қонады деп ойлаймын .Біз Президентіміздің «Нұрлыжер» және «7-20-25» бастамаларының арқасында облыста және жалпы республикада тұрғын үй құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатырмыз. Және жыл сайын бұл көлемді арттыра береміз,–деді Ерлан Қошанов.
Пайдалануға берілген жаңа үйде 130 пәтер бар. Ай сайын төленетін өтемақы құны баспананың көлеміне байланысты: бір шаршы метрі – 736 теңге. Несие толық жабылған соң, тұрғындар пәтердің меншік иесі атана алады.
Жаңадан қоныстанушылардың айтуынша, бұл бағдарлама қандай да бір себептермен ипотекалық несие ала алмайтындар үшін баспаналы болуға тамаша мүмкіндік береді.
Тұңғыш Президент күнінде Балқаш қаласының, Абай және Осакаров аудандарының тұрғындары да «Нұрлы жер» президенттік бағдарламасының арқасында баспаналы болды.
Сонымен қатар, мереке күні тек пәтер кілттері ғана табыс етілмей, бірқатар әлеуметтік нысандар да салтанатты түрде ашылды.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы