таңда бұл боксшылардың екеуінің де даңқы дүркіреп тұр. Мәселен, 33 жастағыДеонтей Уайлдердің бойы 201 сантиметр. Әуелде әуесқойлар арасында жұдырықтасқан ол 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында қола медальді иеленді. Кәсіпқой рингте күш сынасып жүрген 10 жылдан аса уақыт аралығында АҚШ-тың алыбы 40 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 39 қарсыласын нокаутпен ұтты.
30 жастағы Тайсон Фьюридің бойы 206 сантиметр. Әуесқой рингте ол жастар арасындағы әлем және Еуропа біріншіліктерінің жүлдегері атанды. 2008 жылдан бері кәсіпқойлармен жұдырықтасуда. Сол кезден бері 27 рет шаршы алаңға көтеріліп, барлық бәсекеде басымдық танытты. 19 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
бәсекенің тоғызыншы раундына дейін таразы басы теңселіп тұрды. Осы орайда, сәл ғана басымдыққа Фьюридің ие болғанын айта кеткен жөн. Алайда соңғы раундтарда қарқынын күрт күшейткен Уайлдер қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Бірақ дер кезінде ес жиған Ұлыбританияның өкілі жекпе-жекті жалғастырды. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін төрешілер біраз ойлана-толғана келе «бәсеке тең аяқталды» деген шешімге келді. Осылайша, алыптар арасындағы айқаста жеңімпаз анықталған жоқ. Соның нәтижесінде Деонтей УайлдерWBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»