Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2018

Солтүстікқазақстандық даңқты боксшыға мүсін қойылды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінде КСРО чемпионы болған екі боксшының бірі –Камиль Сафин.


Солтүстікқазақстандық даңқты боксшыға мүсін қойылды

Атағынан ат үркетін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем кубогының, КСРО–АҚШ матчы кездесуінің, КСРО халықтары спартакиадасының, КСРО кубогының төрт мәрте жеңімпазы атанған. Петропавл қаласында бокс мектебінің ашылуына ұйытқы болып, бірнеше жыл басшылық еткен. Қазір бокстан марқұмды еске алу турнирі республикалық, халықаралық дәрежеде өтіп жүр.

Жуырда даңқты боксшыға мүсін орнатылды. Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрлігінің комитет жетекшісі Серік Жарасбаев, Камильдің досы Серік Нұрқазов, облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысып, атақты былғары қолғап шебері жайлы жылы лебіздер білдірді.

Бокстан жастар және жасөспірімдер мектебіне Камиль Сафиннің есімін беру туралы ұсыныс қолдау тапты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше