21 Наурыз, 2012

Ұлы ұғым

403 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ұлы ұғым

Белгілі ғалым, Ұлттық ғылым ака­демиясының академигі Ғаб­долла Құлқыбаев өз сала­сы­ның белгілі маманы болуымен қа­тар, ұлттың рухани дүниесіне де жете мән беріп жүретін еді. Қазіргі тәуел­сіздігіміз туралы ол кісінің артына қал­дырған шағын дүниесінен алар тағылым аз болмаса керек. Ұлыстың ұлы күні аталып өтіп жатқан тұста арамызда жоқ ака­демиктің архивіндегі сол дүниесін газет оқырман­дарына ұсынуды жөн көрдік.

 

Белгілі ғалым, Ұлттық ғылым ака­демиясының академигі Ғаб­долла Құлқыбаев өз сала­сы­ның белгілі маманы болуымен қа­тар, ұлттың рухани дүниесіне де жете мән беріп жүретін еді. Қазіргі тәуел­сіздігіміз туралы ол кісінің артына қал­дырған шағын дүниесінен алар тағылым аз болмаса керек. Ұлыстың ұлы күні аталып өтіп жатқан тұста арамызда жоқ ака­демиктің архивіндегі сол дүниесін газет оқырман­дарына ұсынуды жөн көрдік.

Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз ел болу арманы ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Ендігі жерде халқымыздың санасына тәуелсіздіктің негізгі же­тіс­тіктерін барынша сіңіріп, олардың бойында патриот­тық, елдік сезімдерін орнықтыру уақыт алға тартып отырған міндет болып табылады.

Қазіргі кезде атқарылатын барлық шаралар тәуелсіздіктің саяси құнды­лықтарын әр қазақтың, әрбір қазақ­стандықтың ой-сана тәуелсіздігіне ұластыру міндетіне қыз­­мет етуі тиіс. Осылай бол­ған күн­де ға­на еліміздің саяси тәуел­сіз­дігі өзінің то­лыққанды бей­­несіне ие бо­лып, тарихи бе­ріктікке жете алмақ. Бұлай дей­тініміз, біз бар­лық ТМД ел­дері тәрізді тота­ли­тарлық жүйе мен кеңестік идеология жөргегінен шыққан елміз. Оның табын санадан, ойлау жүйемізден ығыстырып шығару оңай шаруа емес.

Әрине, ой-сана тәуелсіздігі жолында қыруар іс атқарылып жатқаны белгілі. Халқымыз А.Байтұр­сынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов сияқты арыс­­­­­та­ры­мыз­дың шығармашылығымен қайта қа­уышып, жаңа тұрғыдан қабыл алды. Қазіргі кезде кеңестік заманда халқымызға жасалған саяси және идеологиялық гено­цидтің неше түрлі сұмдықтарына көз жетті. Мемле­кеттігіміздің ірге­тасын қалап, қабырғасын бекітуге ұмтылған Әз Тәуке, Есім, Қасым, Әз Жәнібек, ұлы Абылай тәрізді хандары­­­мыздың болғанын, қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай сынды елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғаған қолбасшы­­лары­­мыздың болғанын, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би секілді әлемдік өредегі ақылман даныш­пандарымыздың болғанын, Қазтуған, Бұқар, Доспамбет, Шалкиіздей ға­жайып жырауларымыздың бол­ға­нын біліп қана қой­май, олардың ұстанымдарын күнде­­­­лікті өмірімізде басшы­лыққа алатын болдық.

Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының кезекті бір сессиясында сөйлеген сөзінде итальян саясатшысы Кавурдың ХІХ ғасырда айтқан сөздерін өзімізге бейім­дей келіп, мынадай ой түйіп еді: «Біз Қазақстанды сомдадық, енді қазақстандықтарды сомдайықшы».

Мұның өзі жай айтылған сөз болмаса керек, оның мәні өте терең. Біз тәуелсіз Қазақстанды орнаттық, өр­кен­дете береміз, алайда ой-сана тәуелсіздігімізді орнық­тыра алдық па?

Көзқарастың, тарихи зерденің қазіргі замандық бетбұрыс жасауына М.Әуезовтің, І.Есенберлиннің, М.Мағауиннің, Қ.Жұмаділовтің, С.Сматаевтың және басқа жазушылар шығармаларының көп әсері болды десем, артық айтқандық емес. Көрнекті ғалым­дарымыз Ә.Марғұлан, М.Қозыбаев, О.Ысмағұлов, К.Байпа­қов­тың тарихи зерттеулері сана төңкерісіне ұм­тылысқа септігін тигізгенін атап айтқан жөн. Хал­қымыздың тарихи санасын оятып, тәуелсіз ойлары­ның орныға тү­суіне айрықша әсер еткен еңбек – Нұрсұлтан Назар­баевтың «Тарих толқынында» бол­ған­дығы баршамызға белгілі.

Бүгінде біз үлкен саясаттан бастап, шаруашылық­тың, руханияттың қай саласында болсын дербес іс-қимыл жасай аламыз. Сонымен бірге Елбасы ұстанған мемле­кеттік саясатымызға сәйкес Қазақстанның Батыс­пен де, Шығыспен де, алыс және жақын шет елдермен де ара-қатынасын нықтап, тең дәрежеде байланыс орнатып отырмыз. Осының бәрі бізге тәуелсіздік берген мүм­кіндіктер. Сондықтан да оның мән-маңызын өзіміз ғана біліп қоймай, сырттағылардың бәріне де білгізуге тиіспіз.

Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Оны қастерлеуге үйрету, дағдыландыру, адам бойындағы басты қасиетке айналдыру – әрқайсымыздың парызымыз. Тәуел­сіздікті ұлық­тау – оны нығайту. Ендеше іс­пен, мықты экономикамызбен нығайту – баршамыздың міндетіміз.