Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018

«Сәтті Жұлдыз» ойнатылымдарын өткізу адалдығын Дүниежүзілік лотерея қауымдастығы растады

928 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айының соңында Буэнос-Ай­рес қаласында өткен Дүниежүзілік лоте­рея саммитінде Қазақ­станның ұлттық лотерея операторы «Сәтті Жұлдыз» әлемдегі ең беделді WLA (ескер. Дүниежүзілік лотерея қауымдастығы) салалық қауымдас­ты­ғының Тұрақты мүшесі лауазымына ие болды. Жақында ғана отандық лотерея операторы ресми растау­шы құжатты алды.

«Сәтті Жұлдыз» ойнатылымдарын өткізу адалдығын Дүниежүзілік лотерея қауымдастығы растады

Дүниежүзілік лотерея қауымдасты­ғы­ның деректері бойынша, оның құрамына әлемнің 83 мемлекетінен 149 лоте­рея операторы кіреді. 2018 жылы кәсіподақ қатарына 5 жаңа мүше қабылданды, соның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық лоте­рея операторы «Сәтті Жұлдыз» да бар. Сонымен қатар 2 ло­те­рея операторы қауымдастық құрамынан шығып кетті. 

 Дүниежүзілік лотерея қауым­дастығының құрамына ену үшін негізгі талаптар төмен­дегідей:

– Жауапты ойын ереже­леріне адалдық;

–  Кірістің белгілі бір бөлігі әлеумет­тік жауапкершілікке бағытталу керек;

– Лотерея ойындарын ұйым­дас­тырудың жоғары деңгейі, ашық­тық пен ойнатылым кездей­соқтығының кепілі.

«Дүниежүзілік лотерея сам­миті – бүкіл әлемнің лотерея сала­сы үшін ауқымды оқиға. Саммит 2 жылда 1 рет өткізіледі, бұл – салада көптеген өзгерістер орын алатын ұзақ уақыт кезеңі. Сол себептен Саммит жаңа технологияларды, тәсілдерді және өзгерістерді талқылаудың тамаша платформасы болып табылады», деп атап өтті «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның президенті Александр Тен. 

Еске сала кететін болсақ, бұдан ертерек Ұлттық оператор­дың ойнатылымдарын өткізу адалдығын Еуропалық қауымдас­тық та растаған.