Спорт • 07 Желтоқсан, 2018

Игита әлемнің ең үздік қақпашысы атануы мүмкін

75 реткөрсетілді

2018 жылғы UMBRO Futsal Awards жүлдесінің иегерлері анықталатын күн жақын. «Әлемнің ең үздік қақпашысы» аталымы бойынша үміткерлер тізімінде Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының мүшесі Игита да бар.

1986 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында туып-өскен Игита 2006-2009 жылдар аралығында өз елінің «Кабу-Фриу» және «Васко де Гама» клубтарында ойнады. Содан кейін Қазақстанға қоныс аударып, Қарағандының «Тұлпарының» намысын қорғады. Бір жылдай Португалияда өнер көрсеткен ол 2011 жылы «Қайраттың» жейдесін киді. Міне, сол кезден бері ол алматылық клубтың сапында өнер көрсетуде. 2013 жылы Қазақстанның азаматтығын алып, ұлттық құрама командамыздың белді мүшесіне айналды. 

Клубтың деңгейдегі жарыстар мен Қазақстан құрамасы сапында Игита көптеген табыстарға қол жеткізді. Өзінің өрелі өнерінің арқасында сан миллион жанкүйердің көзайымына айналды. 2015 және 2016 жылдары ол қатарынан екі рет әлемнің ең үздік қақпашысы атанды.   

Биыл Игитадан бөлек, UMBRO Futsal Awards жүлдесінен үміткерлер қатарында мынадай атақты футзал шеберлері бар: Миодраг Аксентьевич (Сербия, «Түмен»), Гуитта (Бразилия, «Спортинг»), Фернандо Лопес Перейра «Карека» (Бразилия, «Атлантико Эреким»), Хесус Эрреро (Испания, «Интер»), Михал Калуза (Польша, «Рекорд»), Стефано Маммарелла (Италия, «Аква Сапоне»), Әлиреза Самими (Иран, «Мес Сунгун»), Георгий Замтарадзе (Ресей, КПРФ) және Хо Ван Я (Вьетнам, «Тай Сон Нам»).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда достық көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 15:44

Шпал өндірісі іске қосылды

Экономика • Бүгін, 15:07

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар