Спорт • 07 Желтоқсан, 2018

Алматыда Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты өтеді

88 реткөрсетілді

7-9 желтоқсан аралығында Алматыда бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен Arlan Grip Selection және Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты өтеді.   

Бразилиялық джиу-джитсудан жылда өтетін Arlan Grip Selection турнирі аясында ертең 18 жастан асқан ересектер National Pro Team бойынша сайысқа түседі.  8-9желтоқсан аралығында осы жарыс аясында жасы 18-ден асқан ересектер мен әйелдер арасында грэпплингтен 2019  жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпонатына жолдама үшін тартыс ұйымдастырылады. Қатысушылар AIGA (әуесқойлар) мен ADCC (тәжірибелілер) нұсқалары бойынша мықтыларды анықтайды.

Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты Алматыда осымен екінші рет өткелі отыр. Алғашқы рет ол 2016  жылы ұйымдастырылды. Биылғы жарысқа  Австралия, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайдан мықты спортшылар келеді.

Жалпы грэпплингтен әлем чемпионатының жалауы екі жылда бір мәрте желбіреуде.  Ал 2021 жылғы дүниежүзілік додада тек қана Қазақстанда емес, бүкіл ТМД елдерінде тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отыр.

Биылғы Азия мен Мұхит жағалауы елдері чемпионатының жүлде қоры 20 мың АҚШ долларын құрайды. Барлық турнирлер ABB Arena спорт кешенінде өтеді. Ақшалай сыйлықтардан бөлек жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Arlan Grip медаліне ие болады. Жарыс күн сайын сағат 10:00-де басталады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда достық көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 15:44

Шпал өндірісі іске қосылды

Экономика • Бүгін, 15:07

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар