Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018

Алматыда АИТВ мен туберкулезге шалдыққандарды алалау мәселесі талқыланды

325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

Алматыдағы өткен Қазақстандағы ЖИТС пен туберкулезге байланысты баспасөз мәслихатында АИТВ жұқтырған және туберкулезбен ауыратын жандарды тығырыққа тіреп отырған жәйттер талқыланды.

Алматыда АИТВ мен туберкулезге шалдыққандарды алалау мәселесі талқыланды

Баспасөз мәжілісіне ЖИТС-ті алдын алу және онымен күресу жөніндегі республикалық орталығының, Ұлттық физиопульмонология орталығының мамандары қатысып, бұл дерттердің таралауы мен және  ол қандай жағдайда елдегі бизнеске кері әсер етпейтіндігі жайлы сауалдарға жауап берді.

Іс-шараға АИТВ диагнозы анықталған, туберкулезге шалдыққан шағын және орта, ірі бизнес өкілдері де қатысып, мұндай науқасқа ұшыраған жағдайда Қазақстанда бизнес жүргізуде қандай мәселелер туындайтындығы жайлы әңгімеледі.

Өкінішке орай, баспасөз мәжілісіне қатысушылар АИТВ және туберкулезге байланысты қоғамда өзекті әлеуметтік мәселелер бар екендігін атап өтті. Бұл мәселелердің көпшілігі вирус жайлы дұрыс ақпараттың жетіспеушілігінен туындайды екен. Еңбек ұжымында АИТВ-ға, ЖИТС-ке және туберкулезге шалдыққан азаматтарды кемсітуге жол бермеу қазіргі заманғы қоғамда аса маңызды рөлге ие болып отыр.

Азаматтарды кемсіту вирус жұқтырған жандардың онсыз да қиын жағдайын күрделендіріп жібереді. Осының нәтижесінде білім алу, жұмысқа тұру, қандай да бір табыс көзін іздеу кезінде олардың алдында кедергілер пайда болатындықтан, олар қоғамның өміріне толыққанды түрде ат салысу мүмкіндігінен айырылады.

Осы орайда, соңғы жылдары өзге елдердегі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі қоғамды АИТВ/ЖИТС жайлы кеңінен ақпараттандыру бағытында қадам жасап жатыр.

Сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бұл мәселеде көпшіліктің хабардарлығын көтеруге арналған, соның ішінде кемсітушілікті азайту, індет көрсеткішін төмендету және Қазақстандағы бизнеске АИТВ мен туберкулездің әсерін, яғни жаһандық бәсеке қабілеттілік индексін көтеру мақсатында бизнес-құрылымдарға АИТВ мен туберкулезді алдын алу және емдеуге қатысты іс-шаралар легін жүргізуге күш салып отыр.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ