Бұл күндері облыс орталығындағы «Мұнай-химия зауыты» ЖШС жаңғыртудан өткен соң жылына 6,8 миллион тонна мұнайды өңдей алатын қуатты мүмкіндікке жетті.
Мысалы, өңірде өндірілетін мыс, ферроқорытпа, өңделмеген алюминий әлемнің 40-тан астам еліне жіберіледі. Биыл экспорттық тауар алмасу 2 есеге, сыртқа шикізаттық емес өнімді сату көрсеткіші 2,5 есеге өскен.
Ал, электр энергиясының 22 млрд. кВт/сағ сыртқа экспортталады және еліміздің өзге өңірлеріне таратылады. Жыл басынан бері облыс аумағындағы стансаларда 38 млрд. кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.
Келесі жылы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-қа қарасты №5 ші энергоблок пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Екібастұздағы ГРЭС-2 стансасының №3 ші энергоблок құрылысы жалғасуда.
Келер жылы облыс орталығында, Ақсу, Екібастұз қаларларында жылумен қамту тарифі 7 пайызға, электрмен қамту құны 3,1 пайызға, сумен жабдықтау тарифі 9,4 пайызға төмендейді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР