Руханият • 10 Желтоқсан, 2018

Шабытымызды шалқытты

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шабытымызды шалқытты

Мемлекет басшысының был­тырғы жылы  жарық көрген «Бо­ла­шаққа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық мақал­а­сы­ның жалғасы болған «Ұлы д­ала­ның жеті қыры» атты ма­қа­ласы ерекше ой салып, асқақ шабытымызды оятты десек болады. Елбасы біздің ежел­гі мәдениетімізге, ежелгі өрке­ниеті­мізге оралу, қайтып бару керек дегенді айтып отыр. Сонау Алтын Орда дәуірінен бас­тап қалыптастырған өркениетімізді қайта ой елегінен өткізіп, жаң­ғыртуға баса мән берілгені қуан­тады. Өйткені біз жоқтан пайда болған ел емеспіз. Біз үш мың ғасырға созылған Ұлы көш­пен­ділер мәдениетінің тікелей осын­дағы өкіліміз, Түрік империяла­ры­ның ұрпағы болып саналамыз. 

Президентіміз бұл мақала­да атқа отыру мәдениетінен бас­тап,  ежелгі «аң стилі» өнерін тіл­­ге тиек етеді. Ұлы Жібек жолы –  біздің кең-байтақ жері­міз­ден өтіп, дүние жүзін бай­ла­ныс­тырған әлемдегі өркениеттердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан жол еді. Тарихи сананы қайта жаңғырту жөніндегі пікірін айта келе, нақты жобаларды ойластыруға идея тас­тауы, «ұлт тарихын санаға сіңіру бар­ша қазақстандықтардың бо­йында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалып­тас­тырады» деген сенімі барша­мызға жауапкершілік жүктеді. 

Өткенімізді білмей, болаша­ғы­мызға бір қадам жақындай алмайтыны­мыз анық. Біз осыған дейін экономи­ка­мыздың дамуы, гүлденуі жолында еңбек етсек, ендігі жерде түп-тамыры­мыз­ға қайта келіп, шын мәніндегі руха­­ни жаңғыруға аяқ бастық. Ке­шегі айтқан рухани жаңғыру, ұлт­тық код идеяларының жал­ғасы болған мақаламен толық та­­­ны­­сып, барлық тарау-тар­мақ­­та­рын оқи келе, бұл мақа­ла­ның жа­рия­ланғанына қуанып отырмын.

Серік Ақсұңқарұлы,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері