Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі елдер арасында ең тұрақты әрі табысты дамып келе жатқан мемлекет – Қазақстан. Ресейліктер арасында жүргізілген сауалнамада көпшілік қауымның пікірі осындай болды.

Желтоқсанның 4-інде «Россия сегодня» халықаралық ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығында Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ВЦИОМ) Ресей азаматтарының ТМД елдеріне көзқарасын анықтайтын жыл сайынғы зерттеу нәтижелері ұсынылды.
Ресейлік респонденттер ТМД елдерінің жетістігін қалай бағалайтыны, қайсысын Ресейдің әріптесі ретінде көргісі келетіні және мемлекеттер басшыларының қайсысына сенім білдіретіні жөніндегі сауалнамаға жауап берген.
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы департаментінің директоры Степан Львовтың айтуынша, сауалнама 2018 жылғы 8 қазанда Ресейдің 1600 респонденті арасында өткізілген. Зерттеу 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы жылғы зерттеу көрсеткендей, ТМД кеңістігінде ресейліктер Қазақстанды және Беларусь Республикасын ең тұрақты және табысты деп есептейді. 2010 жылдан бастап Қазақстанға қатысты ең жоғары нәтиже белгілі болды: респонденттердің 52%-ы (2017 жылы 41%) жауап берген. Қазақстаннан басқа ТМД елдері жетістік рейтингінде қалыс қалған. Әзербайжан 2018 жылы 16% (2017 акциясында 14%) жинады, Армения – 14% (2017 акциясында 16%), Грузия – 12%, Өзбекстан – 10%, Түрікменстан – 8%, Қырғызстан және Тәжікстан – 5%, Молдавия – 4%, Украина 2% жинаған.
Осы сауалнама бойынша Қазақстан мен Беларусь президенттері дәстүрлі түрде посткеңестік мемлекеттер көшбасшыларына сенім рейтингінде көш бастап тұр.
Зерттеудің осы нәтижелеріне түсініктеме бере отырып, өңірлік проблемалар институтының директоры Дмитрий Журавлев келтірілген сауалнама осы елдерде ешқашан болмаған қарапайым ресейліктердің пікірі екенін назарға алды. «Яғни бұл адамдардың осы елдерге деген көзқарасы емес, олар туралы ақпаратқа деген көзқарасы», – деп атап өтті сарапшы.
Сарапшылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері посткеңестік кеңістіктегі үдерістердің динамикасын нақты көрсете алады. Бұрынғы КСРО кеңістігіндегі елдерде жаңа көшбасшылардың пайда болуына қарамастан, ресейліктердің Қазақстанға және оның Президентіне деген қатынасы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр.
«Российская газета» тілшісінің «2025 жылдан кейін латын әліпбиіне көшуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін бе?» деген сұрағына, барлық сарапшылар бірауыздан олай деп ойламайтынын айтқан.
Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар