Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2018

Конфедерация кубогының Чемпиондары анықталды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Конфедерация кубогының финалдық бәсекелері аяқталып, жеңімпаздар анықталды. Бокстан Маңғыстау облысының спортшылары қарсылас шақ келтірмей 4:5 есебімен ұтып, Конфедерация кубогының үш дүркін чемпионы атанды.

Конфедерация кубогының Чемпиондары анықталды

Қазақ күресінен қарағандылық «Қарағанды облысы қазақ күресі» спорт клубының спортшылары 2017 жылғы Конфедерация кубогының жеңімпаздары  «Қазақ күресі» спорт клубының спортшыларын 3:5 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы болды.

Еркін күрестен  Шығыс Қазақстан облысының балуандары Астана қаласының спортшыларын  4:2 есебімен жеңіп, кубокқа ие болды. Ал грек-рим күресінен Алматы облысының боз кілем шеберлері Алматы қаласының спортшыларын 4:2 есебебімен айқын басымдықпен ұтты.

Таеквондодан Алматы қаласының құрамасы Түркістан облысының спортшыларын 82:42 есебімен ұтып, мықты екендерін дәлелдеді.

Ал татами шеберлері арасында өткен тартысты бәсекеде Атырау облысы Қарағанды облысының спортшыларынан 4:2 есебімен басым түсіп, 2017 жылғы чемпиондарды жеңді.

Жеңімпаздар 25 млн теңге көлемінде сыйақы алды.

Естеріңізге сала кетсек, жарыстың жалпы жүлде қоры 145 млн теңгені құрайды. Жарыс ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен 2016 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келе жатыр.