Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2018

Павлодарлық кәсіпкер «Жыл меценаты» атанды

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірдегі  Успен ауданында «Туған жерге тағзым» шарасы аясында меценат жерлестердің форумы өтті. Бүгінде ауданда әртрүрлі ұлт өкілдері бар 12 мың халық тұрады. Жиынға ауданның кәсіпкерлері, ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Павлодарлық кәсіпкер «Жыл меценаты» атанды

Аудан әкімі Бауыржан Қасенов ауылдың  өркендеуіне үлес қосып жүрген ауыл халықна жұмыс беріп отырған «Галицкое» ЖШС, «Алдияр» және «Егінбай», «БИК», «Анна», «Шыңғысхан», «Штрек» шаруа қожалықтарының басшыларына аудан халқы атынан алғыс білдірді.  Мысалы, шалғайдағы Қаратай ауылындағы  егін және мал шарушылығымен  айналысатын «Шыңғысхан» шаруа қожалығына тұрғындар ырза.

Ауыл ішілік жұмыстарға көмек беріп, қайырымдылық жасап, қолдау көрсетеді. Барлық мереке күндері мектеп оқушыларын  сыйлықтарымен қуантады. Қысты күндері  шаруа қожалығының техникалары жолды қалың қардан тазалайды. Ал, Александр Касицын басқаратын «Галицкое» ЖШС-да қуаттылығы аусымына  4,8 тонна күнбағыс майын өндіретін зауыт жұмыс жасайды. Құны  1 млрд теңге тұратын  1 мың бас қара мал тұратын кешен салынуда. Сонымен бірге,  «Алдияр», «Егінбай» шаруа қожалықтарында заманауи модульдік астық кептіргіш құрылғы орнатылды. Бұлармен бірге «БИК» шаруа қожалығы суармалы егіс алқабын 200 гектарға, «Анна» шаруа қожалығы 160 гектарға, «Штрек» шаруа қожалығы 80 гектарға кеңейтуді жоспарлауда.

Жиында ауылдың өркендеуіне үлес қосқан Ақылбек Қабиев, Рақым Мүсәлимов, Абай Сүлейменов, Дүйсенбі Күлжанов, Вера Ерашова,Нина Свириденко, Петр Флюнт секілді еңбек ардагерлері «Ауданның Құрметті азаматтары» атағына ие болды. Ал, «Туған жерге тағзым» шарасы барысында ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген және осы шараға  белсене қатысқан Александар Касицын,  Жоламан Мұсабеков,  Сергей Саруджиди, Сергей Черевко  сияқты ауылдың іскер кәсіпкерлері «Жыл меценаттары» атанды.  Мерекелік шара жергілікті өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Успен ауданы