Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

«Туған жер» қалалық ғылыми-тәжірибиелік конференциясы өтті

835 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы білім беру ұйымдары тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» қалалық ғылыми-тәжірибиелік конференциясы өтті.

«Туған жер» қалалық ғылыми-тәжірибиелік конференциясы өтті

«Рухани жаңғару» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен конференцияда тарих пәні мұғалімдерінің тарихшылар, әдіскер ғалымдармен, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер авторларымен «Туған жер», «Туған ел», «Қазақстанның киелі жерлері» ұлттық жобаларын тарих сабақтарында жүзеге асырудың мазмұндық, әдістемелік, ұйымдастыру мәселелері бойынша кәсіби тұрғыда пікір алмасты.

Конференция жұмысына қатысқан ұстаздар ғылыми айналымдағы  ұлттық жобалар тұжырымдамаларының оқу бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінде көрініс табуы, пән барысында оқыту әдістемесіне қатысты көптеген мазмұнды мәліметтермен танысты.

Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Максима Темербекова, бөлім жетекшісі Әкімжан Сайлыбаев қатысушыларға іс-шараның тиімділігін, мазмұнын түсіндіріп өтті.

Пікірлесу алаңы оқып-үйренудің бағдарламалық, әдістемелік мүмкіндіктерін анықтауға,        «Туған жер», «Туған ел», «Қазақстанның киелі жерлері» ұлттық жобаларын жүзеге асыру аясында оқушылардың жобалық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру технологиясымен танысуға мүмкіндік берді.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ