Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2018

Оралда автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Батыс Қазақстан облысында «Автобус» атты жедел-алдын алу шаралары өтіп, қоғамдық жолаушылар көлігін басқарып келе жатып телефонмен сөйлескені үшін 115 жүргізушіге айыппұл салынды.

Оралда автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды

«Желтоқсан айының басында өткен апталық шараның мақсаты – қоғамдық көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін пысықтау, жол жүру ережесі сақталуын қамтамасыз ету» дейді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Жергілікті билік орындарымен бірлесе рейд өткізген 4 күн ішінде 400-ден аса құқықбұзушылық анықталып, хаттама толтырылыпты. Мәселен, 68 жүргізуші жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асырса, көлік маневрі кезінде 133 мәрте ереже бұзылған. Рөлде келе жатып телефон пайдаланғаны үшін 115 жүргізуші, көлігін уақытылы техникалық байқаудан өткізбегені үшін 43 жүргізуші айыпты болды. Бұдан бөлек 71 құқықбұзушылық анықталған.

Қазір қыс, қаладағы көлік қозғалысы қиындады. Сақтықты күшейтпесе болмайды. Соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Рейд кезінде анықталған құқықбұзушылықтар үшін Орал қаласындағы автобус парктерінің лауазымды 7 қызметкері де әкімшілік жауапқа тартылған.