Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Тәуелсіздікке тарту: Балалар кітаптары жарық көрді

92 реткөрсетілді

14 желтоқсан күні сағат 11:00-де Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада балаларға арналған «Ілияс пен Заңғардың планшеті» және «Ыбырай атамның әңгімелері» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді.

«Қазақ ішінде бала ісіне ерекше көңіл бөліп, ағартушылық бағытта өнімді жұмыс қылғандардың бірі – Ыбырай Алтынсары. Қанша уақыт өтсе де жазушының шығармалары өзекті, маңызын жоғалтпаған. Бірінші кітапта ұлт ұстазының 8 әңгімесі берілген. Екінші кітапта қалада тұратын, технологияны таңсық көрмейтін, бірақ ұлттық тәрбие көрген балалардың бейнесі суреттелген. Екі оқулық та комикс жанры негізінде жарыққа щығып отыр.

Жоба «Аяла» балаларды дамыту орталығы, «Нұр Астана құрылыс» ЖШС-ның демеушілігімен іске асты. Ал жобаның авторы - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан мырза», - дейді жоба жетекшісі Азамат Байғалиұлы.

Жиында жаңа кітаптардың ерекшеліктері туралы айтылып, жалпы бала ісіндегі баспа мәселесі, ұлттық тәрбие құралдары сөз болады.

Жаңа кітаптардың тұсаукесері 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған. Салтанатты шара депутаттар мен зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, ақын-жазушылар, ата-аналар мен балалардың қатысуымен өтеді. Кездесу аясында Астана қаласының Қуыршақ театры әртістері «Қаңбақ шал» қойылымын ұсынады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақ халатты абзал жан

Қоғам • Бүгін, 15:14

Қоғамға белсенді жастар керек

Аймақтар • Бүгін, 15:14

«Жас жалын» топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:59

Қапастағы қолөнер

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Турнирдің финалына шықты

Спорт • Бүгін, 09:49

Халық алдында есеп берді

Қоғам • Бүгін, 09:45

Тұңғыш рет топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:40

Қаламгерлерді қуантты

Руханият • Бүгін, 09:37

Қарсыластардың осалы жоқ

Қысқы спорт • Бүгін, 09:29

Ерлік есеппен жасалмайды

Қоғам • Бүгін, 09:27

Жазғы универсиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ортақ міндет – Отанға адал қызмет

Қазақстан • Бүгін, 09:15

«Құланнан» өрген құлындар

Аймақтар • Бүгін, 09:14

1 жылдағы белестер

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Түркістанның түлеуі

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Шектен шыққан шиеленіс

Әлем • Бүгін, 08:33

Ұқсас жаңалықтар