Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай белгілі қоғам қайраткері, ғалым Ілияс Қабыловты еске алуға арналған II Халықаралық турнир өтті.

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

2001-2003 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында өткен айтулы жарыста

Ақмола, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан, облыстары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Қырғызстаннан келген 250-ге жуық балғын балуандар бақ сынады. Бұл бәсекенің жалпы командалық есебінде ұлдар арасында Алматы қаласының өрендері асқан шеберлік танытып, бас жүлдені олжалады. Шығыс Қазақстан облысының өрендері екінші орын алса, Қарағандыдан келген дзюдошылар үшінші орынды иеленді. Қыздар сайысында да алматылықтар алдарына жан салмады. Екінші және үшінші орындарда Ақмола және Қызылорда облысының құрама командалары еншіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы Ермек Иманбеков, айтулы орталықтың спорт шараларын өткізу зертханасының жетекшісі, атақты дзюдошы Сағдат Садыков, және танымал төреші Данияр Айтымбетов жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін кубок, диплом және медальдармен марапаттады.

Тағы бір айта кетерлігі, Ілияс Қабыловты еске алуға арналған II Халықаралық турнирді тамашалау үшін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеев, жасөспірімдер Олимпидасының жеңімпазы, Азия чемпионатының жүлдегері Ерлан Слямбаев және Қуаныш Атажанов, Евгения Богунова, Айсұлу Серікқызы сынды белгілі дзюдошылар «Достық» спорт кешеніне арнайы ат басын бұрды.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»