Іс-шарада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы Қуаныш Сұлтанов, дипломатиялық корпус, азаматтық қоғам және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Сөйлеген сөзінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2009 жылы Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі кеңестің (АҚК) арнайы рәсімдерінің барлық мандаттарына ашық шақыру жіберіп, мандат иелерін үнемі қабылдайтынын атап өтті. 2019 жылдың мамыр айында БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрестегі адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғау жөніндегі арнайы баяндамашысы ресми сапармен Қазақстанға келеді.
«Жақын арадағы перспективада адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттер Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған. Бұл бағдарламалық құжатқа сәйкес, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы гуманизациялау, сот жүйесін реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, азаматтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар саласында нақты шаралар қабылдау үшін жаңа шаралар қабылданатын болады», - деді Министр.
Қазақстан 2022-2024 жылдарға арналған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынған. Қазақстан 2013-2015 жылдар аралығында БҰҰ АҚК-нің мүшесі болған.
Іс-шараға қатысушылар тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет құру жолында заң үстемдігін, әкімшілік және қылмыстық заңнаманың шынайылығын, сот жүйесін реформалау бойынша жұмыстарды жалғастырып, азаматтық, әлеуметтік экономикалық және мәдени құқықтарды қорғау саласында қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырып тұрақты тұрғанын атап өтті.
Мемлекетіміздің адам құқықтары саласындағы белсенді саясаты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі сайлау науқанының сәттілігінде маңызды рөл атқарып, еліміздің Кеңестің құрамына енуінің айқындылығын анықтады. Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін Мінез-құлық кодексін насихаттауға көп көңіл бөлінеді. Бұл - Қазақстанның ажырамас адам құқықтарын іске асыруда, біріншіден, өмір сүру құқығын іске асыруға нақты үлесі болып табылады.