Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында мексикалық Сауль Альварестен ұтылғаннан кейін шаршы алаңға шықпағанына біраз уақыт болғанына қарамастан қазақстандық Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесіндегі бірінші орынды сақтап қалды.Сондай-ақ, ІВО нұсқасы бойынша «ТОП-100» боксшының қатарында мына отандастарымыз еніп отыр:
Батыр Жүкенбаев (бірінші орта салмақ) – 27 орын,
Бейбіт Шүменов (бірінші ауыр салмақ) – 32 орын,
Әли Ахмедов (жартылай ауыр салмақ) – 34 орын,
Мейірім Нұрсұлтанов (орта салмақ) – 59 орын,
Иван Дычко (аса ауыр салмақ) – 89 орын,
Абылайхан Құсайынов (жеңіл салмақ) – 93 орын,
Бақтияр Эюбов (жартылай орта салмақ) – 95 орын,
Айдос Ербосынұлы (екінші жартылай орта салмақ) – 97 орын
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»