27 Ақпан, 2010

Қазақстан-Польша: ЕСКІ ТАНЫСТЫҚТАН – ЖАҢА ЫҚПАЛДАСТЫҚҚА

909 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті H.Hазар­баев осыдан бірнеше жыл бұрын поляк журналистерінің сауалдарына жауап бере отырып, қазақ-поляк қарым-қатынастарының маңызын былайша сипаттаған еді: “...Қазақ­стан Польшаны Орта және Шығыс Еуропадағы маңызды экономикалық және саяси серіктес ретінде қарастырады, екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары дә­режедегі сенімділік пен шешілмеген мәселелердің жоқтығымен ерекшеленеді...”.Бүгінгі күні ең әуелі сауда-экономика саласындағы ұтым­ды ынтымақтастықпен бекітілген бұл қатынастар Еуропа Одағы шең­берінде де, екіжақты тұрғыда да жемісті жалғасып келеді. Қазақ-поляк экономика сала­сын­дағы қатынастарының негізін үш маңызды үкімет­ара­лық келісім құрайды: Экономикалық ынтымақ­тас­тық жөніндегі келісім, Инвес­ти­цияларды тарту мен өзара қорғау жө­ніндегі келісім, Қо­сарланған са­лық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салы­на­тын салық­тар­ға қатысты салық са­лудан жал­таруға жол бермеу туралы кон­венция. Ынтымақтастықты дамы­туға экономиканың жекелеген са­ла­ларындағы әрекеттерге бағыт­тал­ған бірқатар басқа да құжаттар оң ықпал етіп отыр. Бүгінгі күні мұнай-газ өндірісі, көлік, коммуникациялар, құрылыс, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық өндірісінің тауарларын қайта өңдеу, мәшине жасау, туризм, жиһаз және фармацевтика салаларындағы байла­ныстардың қарқын ала бастағанын айта кеткен орынды. Польша Қазақстан үшін Еуро­падағы негізгі сауда серіктестерінің бірі екендігі мәлім. Ол Қазақ­стан­мен тауар айналымының көлемі бойынша Орта және Шығыс Еуро­па мемлекеттері арасында ал­дыңғы орында тұр. Нақтырақ айтсақ, Еуро­па Одағы мемлекеттері ара­сын­да 7-ші орын, әлем мемле­кет­тері арасында 15-ші орын алады. Мысалы, 2009 жылдың 11 айының нәтижесі бойынша Польшаның Қазақстанның тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлес салмағы 1,7% болды. Сонымен қатар, Поль­шаның Қазақстан экспорты жалпы көлеміндегі үлес салмағы 1,9%-дан асты (2008 жылдың сәйкес мерзі­мін­де тек 0,6% болған), ал Қазақстан импортының жалпы көлеміндегі бұл көрсеткіш 1,4% құрады (2008 жылдың сәйкес мерзімінде ол – 1,0%). Соңғы 8 жылда ҚР мен ПР арасындағы тауар айналымы 10 есе көбейіп, ары қарай да өсу үрдісін байқатып отыр. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан мен Польша арасындағы эконо­ми­ка­лық ынтымақтастық артып ке­леді. Мәселен, 2009 жылдың 11 айы ішінде екіжақты тауар айналы­мы­ның көлемі 1,1 млрд. АҚШ дол­ларын құрады. Бұл 2008 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (786,3 млн. долл.) 40%-ға артық. Екі ел арасындағы тауар айна­лымының құрылымы бірнеше жыл бойы тұрақты болып қалуда. Тек тауарлық позициялар ғана өзгеруде. Қазақстанның Польшаға жіберген экспорты құрылымындағы басым тауарлар: отын-энергетика, химия, қара металлургия өндірісінің өнім­дері, ауылшаруашылық өнімдері, соның ішінде астық пен ұн. Ал Польшадан Қазақстанға келетін им­порттың негізгі салалары: химия өндірісінің өнімдері, мәшинелер мен жабдықтар, электр құралдары, асыл емес металдар мен олардан жа­салған бұйымдар, целлюлоза, қағаз, синтетикалық материалдар мен резеңкеден жасалған бұйым­дар, көліктер, мал шаруашылығы мен өсімдік өнім­дері, жиһаз бен оның жинақтаушы бөлшектері, азық-түлік. Екіжақты бай­ла­ныстың дамуы мен оның ырға­ғы­на елеулі үлесін мем­лекеттік даму институттарының қолдауымен бе­кі­тілген екі мемлекет кәсіпкерлері ара­сын­дағы қатынас­тар қосып келеді. Қазіргі кезде Поль­­­ша жеке ка­пи­­талы қазақ­стан­дық экономика­ның көптеген сала­сында белсенді жұ­мыс істеп жатса, Қазақстанда 100-ден астам қазақ-поляк бірлес­кен кәсіпорны тіркел­ген. Біздің ойы­мызша, бұл әлемдік қаржы-эко­­номикалық дағдарыс зардап­та­рын жеңе білген Қазақстан эко­но­микасына деген қызығушы­лық­тың айғағы болып табылады және басқа мемлекеттердің іскер топ­тарына елде қолайлы инвес­ти­циялық ахуал мен іс жүргізудің кең мүмкіндіктері бар екенін білдіреді. Кезекті оты­рысы үстіміздегі жылға жос­пар­лан­ған экономикалық ын­ты­мақтастық жөніндегі қазақ-поляк үкіметара­лық комиссиясы дең­гейін­дегі әре­кет­тестік үдерістері де арта түсіп отыр. Қазақстанның еуро­палық се­ріктестерімен ықпал­дасуын көздей­тін “Еуропаға жол” бағдарламасын іске асырудың арқа­сында серік­тес­тік шеңбері де ке­ңейіп келеді. Атал­ған бағдарламаны іске асыру шеңберінде және Қа­зақ­стан эко­номикасының дағдарыстан кейінгі даму жоспары аясында “ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры” мен Польша кәсіпкерлікті да­мыту агенттігі арасында ынты­мақ­тастық қарым-қатынас қалып­тас­қан. Өндірісті технологиялармен қам­тамасыз ету және қазақстандық экспортты ілгерілету мәселелері бойынша сындарлы ынтымақ­тас­тық ары қарай жалғасуда. Бұл са­лада біздің белсенді серіктестеріміз “KAZNEX” экспортты дамыту және ілгерілету корпорациясы мен 2008 жылы құрылған Варшавадағы Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы болып табылады. Осы құрылымдар арасындағы әрекеттес­тік нәтижесінде экономикалық фо­румдар мен екі мемлекет кәсіп­кер­лерінің бірқатар бизнес-миссиясы ұйымдастырылды. Ең алдымен, қа­зақстандық кәсіпкерлер байланыс­тың тиімділігі мен жемістілігін атап өтті. Ал ұлттық даму институты (“KAZNEX” корпорациясы) 2010 жылы Польшамен ынтымақтастық байланыстарды кеңейту ниеті бар екенін білдірді. Ол бойынша отан­дық өңдеуші сектор өкілдерінің салалық сапарларын ұйымдастыру, Қазақстан тауар өндірушілерінің Польшада өтетін халықаралық сау­да көрмелеріне қатысуын белсен­ді­лендіру көзделуде. Нәтижесінде атал­мыш іс-қимылдар қазақстан­дық экспорт құрылымын кеңейту бойынша жасалған “Еуропаға жол” бағдарламасын іске асыруға мүм­кіндік туғызып, тауарларымызды сыртқы рынокқа шығаруға көмек­те­седі. Осы орайда озық техно­ло­гия­ларды енгізу және бірігіп қол­дану, бірлескен кәсіпорындар ашу, жеке капитал салуда поляк фир­ма­ларының қазақстандық серіктес­тері­мен белсенді жұмыс істеуін қол­дау өте маңызды. Мемлекеттеріміз кәсіпкерлеріне мұнай-газ және фармацевтика, жи­һаз бен құрылыс материалдары өн­дірісі, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, мәшине жасау, көлік және жеңіл өнеркәсіп салаларына бірге қатысуының әлеуетін арт­ты­ру­ды да ұсынамыз. Осы салаларда бірлескен кәсіпорындар ашу екі жаққа да тиімді бола алар еді. Поляк фирмаларының Қазақстан рыногына деген қызығушылығы жоғары және осыған орай өзара се­ріктестікті дамытудың келешегі мен мүкіндіктері зор деп білеміз. Жалпы айтқанда, Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақ­тас­тықты жемісті деп есептейміз және келешегі үлкен деп санаймыз. Дегенмен, соңғы кездері тауар ай­налымының өсу үрдісі бай­қал­ға­нымен, қазақ-поляк экономикалық байланыстарының деңгейі әлі де болса екі жақтың әлеуетіне толық сәйкес келмейтінін атап айту керек. Еуразия құрлығында халықара­лық экономикалық байланыстар­дың тереңдеуімен және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасын­дағы жүк тасқынының өсуімен байланысты Ұлы Жібек жолын қайта өркендетіп, континентаралық көпір салу идеясының өзектілігі арта түсті. Бұл ретте мемлекет­тері­міздің көлік-транзиттік инфрақұ­ры­лымын кеңірек қолдануымыз керектігі де күн тәртібіне шығады. Өйткені, Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ұлттық көлік жүйесінің еуропалық және әлемдік көлік жүйесімен бірігуіне бағытталған еліміздің 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы жемісті жүзеге асуда. Қазақ-поляк экономикалық қа­тынастары үшін жаңа перспекти­ва­лар 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан, Ресей және Беларусь ара­сындағы Кеден одағының құ­рылуына байланысты да ашылатын болып отыр. Қалыптастырылу үс­тіндегі бірлескен рынок шеңберінде Қазақстан рыногы бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін поляк шаруашылық су­бъек­тілеріне қазіргіден тартым­ды­рақ болуы тиіс. Сонда бұл поляк компанияларының капиталын Қазақстан экономикасының шикі­зат­ты емес секторына орналас­ты­руға ынталандырады деп сенеміз. Сонымен қатар, Польшаның экономика мекемелерімен, сауда-өнеркәсіп палаталары және іскер топтарымен байланыстарда инвес­ти­циялық жобалардың Қазақстан­дағы мемлекет және оның жоғарғы жетекшілігі тарапынан кең және ұзақ мерзімді қолдау қажет болаты­ны да түсінікті. Өйткені, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев атап өт­кендей: “Қазақстанды индустрия­лан­дыру, соның ішінде инфра­құ­рылымды дамыту бағдарламасын бастадық. Мұнай мен газ саты­лы­мынан түскен қаражаттың бәрі индустрияландыруды жүзеге асыру үшін Ұлттық қорға аударылады. Салықтарды төмендетіп, шағын биз­несті дамыту үшін жағдай туғы­за­мыз. Қазақ­станда еркін кеден аймақтары бар, оларда іс жүргізуге ерекше жағдай жасалған”. Мұның барлығы екі мемлекет арасында эко­номикалық ынтымақтастық құ­ру­ға барлық алғышарттар қалып­тастырады. Қазақстан мен Польша бір-бірінен алшақ жатқан елдер. Алай­да, ол шынайы әріптестік қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіре алмайды. Әріптестерді әдетте ортақ табыстар жақындастырады. Қазақ­станның Польшадағы елшісі ре­тінде екі ел арасындағы байланыс­тар­дың жандана түсуі үшін бар күш-жігерімді жұмсап қызмет ат­қа­ра­тынымды атап көрсеткім келеді. Алексей ВОЛКОВ, Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.