Олимпия ойындарына лицензиялық жарыстардың бірі ретінде қарастарылған бәсекеде Игорь Сон (61 кило) мен Раушан Мешітханова (100 кило) күміс медальді иеленсе, Нижат Рахимов (73 кило) қола жүлдені еншіледі. Сондайц-ақ, Арли Чонтей (61 кило), Фархад Харки (67 кило), Айдар Қазов (81 кило) және Карина Горичева (64 кило) төртінші орынға табан тіреді. Ал 109 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетуге тиіс даңқты Илья Ильин ескі жарақат асқындырып алмайын деп, ең соңғы сәтте жарыс жолына шығудан бас тартты.
Бұл жарыста біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Әсіресе, маған Игорь Сон мен Раушан Мешітханованың өнері ұнады. Атақты қарсыластарынан еш қаймықпаған олар көздеген мақсаттарына қол жеткізіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Илья Ильинге келетін болсақ, соңғы жаттығуында оның ескі жарақаты сыр берді. Сол жарақатты асқындырып алмайық деп, оны жарыстан босаттық. Әлі алда бірақатар маңызды бәсекелер бар. Сол сайыстарда Илья өзінің мықтылығын әлі мойындатады, – дейді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»