Тарих • 25 Желтоқсан, 2018

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – ұлттық идеологияны жүйелеудегі басты құрал

663 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – ұлттық идеологияны жүйелеудегі басты құрал. 

 «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – ұлттық идеологияны жүйелеудегі басты құрал

Мұнда Елбасы қазақ халқының негіз­гі тарихи құндылықтарын ұлттық даму­дың платформасына айналдыруды ұсы­нып отыр. Археологиялық деректерге сүйене келе, қазақ жерін мекен еткен энео­лит дәуіріндегі тайпалардың адамзат дүниесінде алғашқы болып, жылқы­ны тұр­мысқа, жауынгершілікке үйретіп, сан ғасырдан бергі бабаларымыздың ұлан-ғайыр жерімізді жаудан қорғағанда сенім­ді серігіне айналған маңыздылығын басымдылықпен айтқан. Елбасының бұл бастамасынан әрбір қазақ жылқы­ның қасиетін білуге және білгенін ұрпақ­қа жеткізуі тиіс. 6 мың жыл бұрын өмір сүрген грек тарихшысы Геродоттың, Италия сая­хатшысы Марко Полоның жазбаларында қымыздың пайдасы туралы айтылған. Біз де күнделікті өмірімізде осы байырғы ұлттық сусынымыздың маңыздылығын саналы түрде ұғынып, көпшілікке насихаттап, қазіргі адам денсаулығына кері әсерін беретін сусын­дардың орнына пайдаланып, құнарлы сусы­ны­мызды насихаттап, брендке ай­нал­­дыруымыз керек. 

Әрбір қазақ ең бірінші өзінің және отбасы­ның денсаулығына, одан кейін рухани құн­ды­лықтарына аса зейінмен қарауы тиіс. Себебі, бір отбасының мүшелері дені сау, рухани толық болса, бұл мемлекет үшін маңызды құндылық. Рухани азыққа, оның ішінде ұлттық рухқа қанығып өскен ұрпақ ертең еліне адал, ұлт жанашыры болары сөзсіз. Елбасы мақаласы ұлттық кодты айқындайтын тарихи платформа құрып отыр. 

Осы платформаны негізге ала отырып, мемлекеттік идеология бір жүйеге түсері сөзсіз. Өйткені біз сонау атқа міну мәде­ниеті, металлургия, аң стилі, алтын адам секілді ұғымдарды философиялық ойдың жатқандығын аңғарамыз. Мұнда бабалар тарихынан нәр алып, оны күнделік­ті өмірінде пайдалануға ой салады. Мақала­да тарихи құндылықтарды негізге ала отырып, екінші бөлімде оларды мем­ле­кет­тік деңгейде нақты қай бағытта, қалай іске асыру жүйесін анық көрсеткен. Архивтің 7 жылдық бағдарламасын дайындауды ұсынып отырғаны қазақ тарихы жан-жақты жинақталады дегенді білдіреді. Одан барып зерттеу жүмыстары жүргізілетіні сөзсіз. Кино саласында да көрнекті тарихи-тұлғалық деректемелерге сүйене отырып, толық сюжет дайындауды ұсынған. Мұнда біздің өлкемізде батырлар жырының бас­тауы болған Қобыланды батыр, жоңғар шапқыншылығында ел қорғаған, халқына пана болған Әбілқайыр хан, Есет Көкіұлы, Бөкенбай батыр­лар және т.б. батырлардың тұлғалық үлгісін заманауи түріктерді аралас­тыра отырып, ой түйсігіне мына бізге жеткен ұлан-ғайыр жер мен бүгінгі егеменді ел болғанымыз осы Ұлы даламызды қорғаған бабаларымыздың еңбегі мен батырлы­­­ғын жеткізуіміз керектігін баса көрсеткен. Елба­сының мақаласы тарихшы, өлкетану­шылардың көптен күткен ойларының жүзеге асуына мемлекеттік тұрғыда тапсырма берді. 

Музей саласына келетін болсақ, ұлттық құндылықтарымыз сақталып отыр­ған музей қорындағы әрбір құнды жәді­гердің тарихын насихаттау, осы Ұлы дала тұлғаларын зерттеу, олардың өмірін көп­ші­лікке паш ету жұмыстарына үн қоса­ты­нына сенімдімін. Сонымен қатар, шалғай аудандарда көнекөз қариялардың ауыздан-ауызға жеткен кейбір жыр-дас­тан­дар­ды сарғайған дәптерге жазыл­ған болуы мүмкін. Соларды іздеп, әдейілеп кешен­ді экспедициялар жасап, музей қорын тың деректермен толықтыруға бас­та­ма боларына сенімдімін. 

Айнұр Мақсатқызы,

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі археология және этнография бөлімінің меңгерушісі