Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2018

Екібастұзда «Проммашкомплект» ЖШС  теміржол доңғалақтарын жасайды

573 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Зауыт «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-қа және еліміздегі теміржол саласында  жұмыс жасайтын басқа да кәсіпорындарға теміржол доңғалақтарын шығарады. 

Екібастұзда «Проммашкомплект» ЖШС  теміржол доңғалақтарын жасайды

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Кәсіпорынға инновациялық өзгеріс  келді.  Металды балқытып, одан доңғалақтар құйып шығару ісі бірнеше сатыдан тұрады. Жұмысы автоматтанды түрде жүргізіледі. Роботтарды операторлар компьютер арқылы басқарады.

Басқарма басшысы Дәулет Сыздықовтың айтуынша,теміржол доңғалақтарын жасайтын жобаның жалпы құны 54 млрд. теңге. Оның 36 млрд. теңгесі Қазақстанның Даму банкі арқылы қаржыландырылған.

Жобаның жүзеге асырылу-еліміздің шикізаттық емес экономикасын дамыту үшін маңызды. Импортты алмастыру, экспорттық әлеует және ЕАЭО елдеріндегі  ұқсас өндірістермен салыстырғанда жоғары өнімділік сияқты үш құрамдасы бар.

Теміржол желісі дамыған елдердің елімізге географиялық жағынан жақын орналасуы назарға алынған. Теміржол доңғалақтарына деген сұранысын арттырады. Шетелдік нарыққа да жіберу  жоспарлануда.

Кәсіпорын жылына 200 мың  дөңгелектерін жасап шығаруды  жоспарлауда.

– Бұл өндіріс бұрын Қазақстанда болмаған. Бұған дейін темір жол құрамдарына қажетті доңғалақтарды импорттап келген едік. Осы тектес өндірістердің іске қосылуын көп күттік. Бұл - еліміздегі индустрияландыру бағытындағы маңызды қадам, - деп Елбасы биылғы телекөпір барысында жақсы баға берді.

Өндіріс мамандарының айтуларынша,  700 мм-ден 1 250 мм дейінгі әртүрлі диаметрлер мен конструкциялардағы бөліктер темір жол доңғалақтарына шығарады. Цехтарда орнатылған жоғары технологиялы жабдықтар дөңгелектердің сапалы жасалуына мүмкіндік береді.

Доңғалақтардың  сапасы автоматтандырылған ультрадыбыстық және магнитті-ұнтақтық бақылау және барлық элементтер бойынша қаттылығын өлшеу қондырғыларында бақыланады.

Алдағы  2019 жылдың  бірінші жарты жылдығында кәсіпорын толық іске қосылады.

Фариба БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ЕКІБАСТҰЗ