Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Атырауда үздік спортшылар марапатталды

617 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда спортшылар балы өтіп,  18 аталым бойынша облыс үздіктері анықталды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда үздік спортшылар марапатталды

Облыста жыл сайын дәстүрлі түрде үздіктерді қорытындылайтын шараға республикадағы спорт саласының майталмандары жиналды. Шараны салтанатты түрде ашқан облыс әкімі ел мақтанышына айналған жерлес спортшыларға атыраулықтар атынан алғыс білдірді.

- Сіздерге қарап осы жастар бой түзейді, спортпен айналысқысы келеді.  Жетістіктеріңізді көріп сіздер сияқты болуға талпынады. Арттарыңыздан ерген көптеген іні-қарындастарымыз да бастаған істі абыройлы жалғастырып келе жатыр. Облыстың спорт саласындағы жетістіктерін қысқаша тамашаладық. Бұл бір ғана бөлігі. Біз өз спортшыларымызды құттықтаймыз. Алда талай жетістікке жетіп, облыс қана емес, ел мақтанышына айналуларыңызға тілекшіміз және әрдайым қолдау білдіреміз,- деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар аймақ басшысы үздіктерге Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің Төсбелгісін және облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, «Жыл спортшысы» мен «Жыл жаттықтырушысын» анықтады. Биыл "Жыл спортшысы" болып Джакарта қаласында өткен Паражүзуден екі алтынға ие болған Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ержан Сәлімгереев атанса,  "Жыл жаттықтырушысы" каратэден облыстық жастар командасының жаттықтырушысы Болат Ізбасқанов болды.

Мерекелік жиында Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Болат Теміров, Максим Раков, Айбек Нұғымаров, Спорт ардагері Ақмырза Батырхайыровтар құттықтау сөз сөйлеп, «Ең үздік жас спортшы», «Жыл серпілісі», «Ең үздік жасөспірім спортшы», «Үздік федерация», «Спорт жанашыры», «Үздік спорттық әкім»,«Үздік спорт серіктесі», «Үздік спорттық басшы», «Үздік спорттық бөлім», «Үздік бұқаралық-спорттық шара», «Үздік спорт ардагері», «Үздік команда», «Үздік спорттық ұйым», «Үздік спорт жаңалықтарының шолушысы», «Үздік спорттық жоба», «Үздік спорт тілшісі» номинацияларының жеңімпаздарын анықтады.

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов спорт жанашырларына басқарманың Алғыс хатын табыстады.

Спорт балына қатысқандар облысымыздың спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда иеленген 300 кубоктен тұрғызылған жаңа жылдық шыршаны тамашалады.