Геолог ауылдық округінде көшелерді жарықтандыру проблемасы белсенді түрде шешілуде. Жақында Геолог ауылында 62 үйдің аулаларында жарықдиодты шамдарды орнату жобасы аяқталды.
- Біз екі апта бойы үнемделген бюджет қаражаты есебінен аулаларды жарықтандыруды жүргіздік. Үйлерге шамдарды орнатуды ЖК «Бекжан» жүзеге асырды , - дейді Геолог ауылдық округінің әкімі Қуандық Жақиялиев.
Жоба шеңберінде 35 елу ватт және 75 ватт энергияны үнемдейтін электродтар сатып алынды. Олар үйлер мен әлеуметтік мекемелердің алдына орнатылды.
- 2018 жылы Геолог ауылдық округте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде бес көшені қамтитын 3,3 км көше жарықтандырылды. Жаңа жылда біз МЖӘ шеңберінде тағы 6 көше жарықтандыруды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді Қуандық Жақиялиев.
Айта кетейік, «Атыраудағы көшелерді жарықтандыру желілерін салу және пайдалану» 2017 жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. 2019 жылы екі қосымша МЖӘ жобалары аясында 192 қалалық көшеге жарық беруді қамтамасыз ету жоспарлануда.