Президент • 28 Желтоқсан, 2018

Елбасы Қазақстан қалаларының даму қарқынына тоқталды

112 реткөрсетілді

Ақордада өткен басқосуда Мемлекет басшысы Қазақстан қалаларының даму қарқынын сөз етті. 

Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында ең алдымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына тоқталды.

«Бірнеше жылдар бұрын Астана қаласында ештеңе жоқ еді. Ал қазіргі Астананың көркіне көз тоймайды. Сол кезде бүгінгі бас қаланың әсем қала боларына сенбегендер болды. Алайда ерен еңбектің арқасында Астананың бүгінгі келбеті шындыққа айналып отыр. 20 жылдық дегеніміз тарих үшін түк емес. Астана өзінің даму жолында елдің өзге аумақтарын да алға тартты», деді Елбасы өз сөзінде.

Бұдан соң, ол Батыс Қазақстан аумағында орналасқан қалалардың даму жұмыстарын атап өтті.

«Атырау қаласы алғашқы кезеңнен көп өзгерді. Бірнеше жыл бұрын бұл қалада рәзіңке етіксіз аяқ алып жүруге де болмайтын еді. Ал бүгінде Атырау тамаша қалаға айналып отыр. Сондай-ақ Ақтау қаласын ерекше атап өткім келеді. Бұл қалада биыл Каспий мәселесіне қатысты бірнеше елдің басшыларымен үлкен саммит өтті. Тамаша жағалауы бар қала бүгінде көңіл қуантады. Бұл қаланың бүгінде мәртебесі аса түсіп отыр. Атырау еліміздің үздік туризм аймағы болуға әбден лайық. Орал,  Ақтөбе қалаларының да қарқынды өсу жұмыстарын атап өтпеске болмайды. Ақтөбе қаласында 130 мың адам тұратын жаңа 3 ықшам ауданның жандану жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл  аймақтың әлеуметтік жағдайы бүгінде біршама жақсарған», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Елбасы Қостанай, Талдықорған, Өскемен, Петропавл, Алматы қалаларына жеке-жеке тоқталып, еліміздегі қалалардың Астана қаласына қарап бой түзейтінін айтты.

«Еліміздің барлық қалалары бас қала Астана қаласына қарап бой түзейді. Бұл тенденция енді шағын қалалар мен аудандарға да еніп жатыр. Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойында барлық облыстар атсалысты. Әр облыс бұл қаланың дамуына өзіндік үлес қосты», деді Президент.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар