Әлем • 28 Желтоқсан, 2018

Н.Назарбаев: АҚШ Қазақстанмен байланысын арттыруға ынталы

768 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін республикалық телеарналардан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл қорытындысы бойынша берген сұқбаты көрсетілді. Елдегі бірнеше ақпарат құралдары өкілдерінің сұрағына жауап берген Президент биылғы жылы АҚШ-қа жасаған ресми сапары туралы айтты.

Н.Назарбаев: АҚШ Қазақстанмен байланысын арттыруға ынталы

  - Америка құрама штаттарыма барған сапарымды тарихи оқиға дегенмен келісе алмаймын. Өйткені, бұл - Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар аралығындағы АҚШ-қа жасаған он бірінші іс-сапарым. АҚШ-тың бес президентімен кездестім. Америкаға жасаған алтыншы ресми сапар. Айта кетерлігі, Доналд Трамптың ұстанымы өзгеше. Оның ойы "келіссөздердің нәтижелері Америка үшін пайдалы болуы керек" деген бизнесмендердің пікірімен сәйкес келеді

Ол БАҚ өкілдерімен қарым-қатынасты жақсартып, өзгеше жағдай жасап, ең бастысы кәсіпкерлермен етене жақсы араласа біледі. АҚШ - бүгінгі таңда әлемдегі ең үлкен державалардың бірі. Эконмикалық және әскери қауіпсіздігі жағынан мықты саналады. Бұл - біз мойындайтын факт, - деді Елбасы.

Сонымен қатар сапар барысында Ақ үй басшысымен жақсы түсініскенін де атап өтті.

- Бұған дейін де біз екі рет телефон арқылы да байланысқанбыз. Одан кейін оның арабтармен болған кездесуінде де жолығысқан болатынбыз. Екі ел президентінің арасындағы "xимиялық" байланыстың бірден бір себебі екі саясаткердің бірін бірі жақсы түсінуінде.

Біздің АҚШ-пен ара қатынасымыз жақсы. Бүгінде екі ел арасында шешімін таппай қалған мәселелер жоқ. Бізге салынған инвестиция көлемі 40 миллиард доллардан асады. Сондай-ақ экстремистік қылмысқа қарсы бірлесе жұмыстар атқарып келеміз. Әрқашан ортақ тіл табысамыз. Америкалықтар бізбен арадағы ынтымақты нығайтып, одан әрі дамыта түсуге ынталы, - деді Мемлекет басшысы.