А. Құжымов 1984 жылы Мамлют ауданына қарасты Бексейіт ауылында дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді, Қазақстан-Ресей университетін құрылыс бакалавры, юриспруденция бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы “Единство” ЖШС-нің диспетчері болып бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар жер-кадастр филиалында техник-жерге орналастырушы, Аққайың аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында жетекші маман болып еңбек еткен.
2011-2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, 2015-2018 жылдары облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшесінің басшысы – ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің меңгерушісі болған.
Осы тағайындауға дейін облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы