Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2018

Еңбек еленер, абырой толығар...

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бір топ іргелі құрылыс компаниясының  басшыларына «Астананың 20 жылдығы», сондай-ақ «Еңбегі үшін» мерейтойлық медальдар табысталды. Игі шараны ұйымдастыруға «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі мұрындық болды.   

Еңбек еленер, абырой толығар...

Биыл облыс орталығынан «Еңбегі үшін» медаліне алты бірдей маңдайалды құрылыс компаниясының жетекшілері ие болып отыр. Салтанатты шараға жиналғандарды «Ақжол» демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл құттықтап, Астананың қалыптасуына қосқан үлесіне айрықша тоқталды.  

– Биылғы жылды қорытындылаудың бір шарасы ретінде сондай марапат ұйымдастырылып отыр. Мұның өзіндік орны бар. Өйткені, «Ақжол» партиясы бизнестің партиясы болғандықтан биыл «Астананың 20 жылдығы» және құрылыс саласында Қазақстанда үлес қосып жатқан үлкен іргелі компания басшыларына арнайы мерейтойлық медаль дайындалған болатын. Осыны Қазақстанның біраз азаматтары алды. Ақмола облысынан да бірқатар азамат ұсынылған болатын. Оларға Азат Перуашевтің атынан тапсыру туралы тапсырма берілген,– деді «Ақжол» демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл. 

Еңбегі еленген азаматтардың қатарында «Жар Дау» серіктестігінің директоры Дәуренбек Жарылғасов та бар. Оның басты арманы - ел игілігі үшін ерен еңбек сіңіру.  

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы