Бүгінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры негізінен «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Аталмыш бағдарлама аясында қор тарапынан ағымдағы жылы жалпы құны 7,2 миллиард теңгені құрайтын 40-тан астам жобаға қолдау көрсетілген. Бұдан бөлек, «Даму» қоры «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша да жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында қор Көкшетау, Степногорск қалаларындағы кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетеді. Ағымдағы жылы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 620 миллион теңге қаржы бөлінсе, бүгінде оның 76 пайызы игеріліп отыр. «Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», – деді қор директоры Руслан Ахметов. Жыл қорытындысы бойынша «Даму» қоры басқа да бағдарламалар бойынша түрлі жобаларды ойдағыдай жүзеге асырған.
–2018 жылы да «Даму» қоры тұрғын үй құрылысын қолдауға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастырып келді. Көкшетау қаласында 6 жобаға, яғни, 6 тұрғын үйге және Целиноград ауданындағы Ақмол ауылындағы 1 тұрғын үйге қатысты жобаға қолдау көрсетіліп жатыр. Бүгінде аталған тұрғын үйлердегі баспана саны 700 пәтерді құрап отыр,–деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының директоры Руслан Ахметов.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы