16 Қаңтар, 2019

Шырқап кетіп барады бір сұлу қыз...

895 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Шырқап кетіп барады бір сұлу қыз...

Үшеуміз бір жаққа асығып отыр едік, күтпеген жерден басталған ақ нөсер аяғымызды тұсап, аядай бөлменің ішіне сыймай әрі-бері теңселіп кеттік. Расында да, сырттағы жаңбырдың екпіні жаман. Шелектеп... жо-жоқ, шелектеп емес-ау, бөшкелеп құйып жатыр.

Көше-көшені қуалай жөңкілген жылғалар бірте-бірте кішігірім өзенге ұқсап барады. Қалада тірі жан қалмаған сияқты. Бір жағынан, мынау мегаполисті әп-сәтте әбігерге түсірген тентек нөсерге бесінші қабаттан қарап, тамашалап отырғанның өзі қызық па дейсің.

Кенет ақын досымыз орнынан атып тұрып, балконға шығып кетті. Міне осыны күтіп тұрғандай-ақ, жаңбыр да сап басылды. Апыр-ай, ашуы қатты болғанмен, қайтуы тым тез екен-ау.

Ақын-дос қалтасынан темекі алып тұтатып, тау жаққа қарап, ойланып қалды. Тап сол кезде манадан бері жатақхананың тасасына тығылып, жаңбырдың басылуын күтіп тұрған бір топ студент қыздардың күміс қоңыраудай сыңғырлаған күлкісі естіліп, артынша өздері де тротуарға секіріп-секіріп шыға келді. Содан соң шаштарын түзеп, су тиген көйлектерін қаққыштап әл-Фараби даңғылының бойындағы аялдамаға қарай бет алды.
Ал ақын-достың темекісінің шоғы қаттырақ қызара түсіп басылды. Сөйтті де ол өзімен-өзі күбірлеп:

Жердің беті нөсермен шайылғасын,
Өлең басып қалыпты қайың басын.
Шырқап кетіп барады бір сұлу қыз,
Менің махаббатымның қайырмасын, – деді.

Біз оған таңғала қарап, басымызды шайқай бердік. Не деген тамаша сурет еді десеңізші! Бұл өзі, жаңа ғана жарық дүниеге келген, әлі тіпті, аппақ жөргек секілді ақ қағаздың бетіне түсіп те үлгермеген жап-жаңа жыр жолдары емес пе.

Паһ, шіркін, поэзия! Ағыл-тегіл құйып өткен ақ нөсердің миллиардтаған тамшыларымен бірге ағып түскен бір түйір маржандай жарқырайды екенсің-ау.

Нұрғали ОРАЗ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025