Әлем • 16 Қаңтар, 2019

Кениядағы лаңкестік шабуыл кезінде 15 адам қаза тапты

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні «Әш-Шабаб» радикалды тобы Найробидегі Dusit қонақүй-кеңсе кешеніне шабуыл жасады. 15 адам қаза тауып,  қонақүйден 50-ден аса адам құтқарылды.

Кениядағы лаңкестік шабуыл кезінде 15 адам қаза тапты

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Кения құқық қорғау органдары Найробидегі лаңкестер шабуыл жасаған қонақүй кешеніндегі адамдарды құтқарып жатыр.

Атылған оқтардың дыбысы естіліп тұрған қонақүй кешенінен 50-ге жуық адам эвакуацияланған.

Кения Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, полиция кешеннің барлық ғимаратын бақылауына алған, оның аумағын тазарту жұмыстары аяқталар сәтке жақындаған. «Әш-Шабаб» радикалды тобы лаңкестікке жауапкершілікті өзіне алып отыр.

Қаза болғандардың он бірі – кениялық,  екеуі АҚШ және Ұлыбритания азаматтары екені анықталды. Қалған екі адамның жеке куәліктері болмаған.