Жарысқа 9 мемлекеттің спортшылары қатысады. Нақтылап айтсақ, Украина, Грузия, Түркия, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары Рыпакова жүлдесіне таласпақ.
Атлеттер төмендегі дисциплиналар бойынша сынға түседі:
1. 60, 400, 800 және 3000 метрге жүгіру;
2. 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
3. Сырықпен секіру
4. Биіктікке секіру
5. Ұзындыққа секіру
6. Үш қарғып секіру
7. Эстафета
Жарыстың негізгі бөлігімен бірге «Алтай» клубының балаларға арналған Athletics KIDS CUP турнирі де өтетінін еске саламыз.