16 Қаңтар, 2019

Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын мақұлдады

420 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады.

Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жекелеген тармақтарында Мемлекет басшысының азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі қарсылықтарымен келісті.

Сонымен қатар жалпы отырыста  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер II оқылымда мақұлданды.

Заң жобасының маңыздылығына тоқталған Нұрлан Нығматулин бұл құжат Мемлекет басшысының бизнес-ортаны одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Палата Спикерінің пікірінше, бүгін қабылданған түзетулер кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігін құруға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл, ең алдымен, жаңа кәсіпорындар ашу, несие алу, құрылысқа рұқсат беру және салық салуға жағдай жасайды.

Бұл жолда бүгінгі енгізіліп отырған өзгерістер бизнес саласын дамытуға, сауда қызметін нығайтуға ерекше ықпал ететін болады. Сонымен бірге кәсіпкерлер үшін де өте тиімді. Осының барлығы шағын және орта бизнестің экономикалық қуатын күшейтуге серпін беретіні сөзсіз, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәселен, 2020 жылдан бастап тауарларды таңбалау және сауда-саттық қызметінде кассалық-бақылау құралдарын пайдалану ережелері енгізілді.

Депутаттардың ұсынысы бойынша осы заң жобасында қарастырылған өнімдерді таңбалаумен өндірушілердің өздері немесе құрылатын Бірыңғай өнімді таңбалаушы операторлар айналысатын болады. Сонымен қатар Бірыңғай операторға қалаларда ғана емес, сонымен қатар барлық облыстық орталықтарда таңбалау қызметтерін ұсыну үшін өз филиалдары мен тиісті жабдықтары болуы керек.

Жұмыс тобының заң жобасымен жұмысы барысында депутаттар бірқатар түзету енгізді. Атап айтқанда, қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында салықтық әкімшілендіруді оңайлату; мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі кірістерді салық салудан босату; салынған әкімшілік айыппұлды мерзімінен бұрын төлеген кезде шартты жеңілдік беру; толық декларация беру мерзімін ұзарту арқылы кедендік әкімшілендіруді оңайлату, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдері кезінде кедендік рәсімдерді оңайлату; электрондық сауда алаңдарын дамыту және электрондық сауданы жүзеге асырған кезде сатып алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормаларды нақтылау.

Отырыс барысында депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, мақұлданған ратификациялық заң жобаларының қатарында Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы, адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімдер бар.

Жалпы отырыс соңында Мәжіліс депутаттары депутаттық сауалдар жолдады. Олар - Қ. Сұлтанов, М. Қазбекова, М.Магеррамов, Н.Жұмаділдаева.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025