16 Қаңтар, 2019

Жанкүйерлер «Астана Опера» балет труппасын Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қарсы алды

258 реткөрсетілді

Астана уақыты бойынша сағат 6:15-те елордамызға Еуропадағы салтанатты гастролін тәмамдаған «Астана Опера» театрының балет труппасы оралды. Балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бастаған әртістерді таңсәріден театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров, шығармашылық ұжым, сонымен бірге асқақ өнерді бағалаушылар қарсы алды.

Ресейдің Халық әртісі, балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова еліміздің жетекші БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, онда еуропалық көрерменнің ыстық ықыласпен қарсы алғандығын атап өтті. Сондай-ақ А.Асылмұратова труппаға жаңа тәжірибе беретін гастрольдердің маңыздылығына ерекше тоқталды.

- Гастроль «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылған болатын. Еуропалық гастрольдік сапар ұлттық операның жауһары А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымымен 2018 жылы қарашада басталып, Италия мен Испанияда балеттік спектакльдермен жалғасын тапты, онда әртістер П.Чайковскийдің «Щелкунчик» пен «Аққу көлінің» 18 спектаклін ұсынды. Бір ай ішінде балеттерді шамамен 22 мың көрермен тамашалаған. Генуя мен Валенсияның көрермендері бізді жылы ниетпен қарсы алды. Осы уақыт ішінде «Астана Опера» театры мен қазақстандық көрерменді сағынып үлгердік. Алдымызда ауқымды жұмыстар, жаңа спектакльдер тұр, біз сіздерді асыға күтеміз, деді А.Асылмұратова.

- Елге қайтып оралғанымызға өте қуаныштымыз, театрымыз бен көрермендерімізді қатты сағынып қалдық. Гастрольдік сапар жоғары деңгейде өтті, барлық жерде бізді сүйсіне қарсы алды, бұл бізге қуаныш сыйлайды. Елімізді өзге мемлекетте көрсету, таныстыру жауапты іс еді, біз мінсіз техника мен актерлік шеберлікті паш етуге тиісті едік, сыншылардың пікірлеріне қарағанда, бұл қолымыздан келген сияқты, деді жетекші солист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева.

Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар