Қазақстан • 16 Қаңтар, 2019

ШҚО Риддер қаласында «Көшбасшы болғың келе ме?» атты шара өткізілді

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддер қаласының №1 мектеп-лицейінде «Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық идеясының «Отаным-тағдырым» - «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» негізгі бағыттағы жобасын, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Көшбасшы болғың келе ме? Қалай екендігін менен сұра» атты шара өткізілді.

ШҚО Риддер қаласында «Көшбасшы болғың келе ме?» атты шара өткізілді

«Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласы жастарға рухани жол көрсететін нақты бағдар, оларға зор мүмкіндіктер туғызатын, жаңа белестерді бағындыруға бағытталған іс-қимыл жоспары», - деді шараның ашылу салтанатында сөз алған Риддер қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Дүкенбаева. «Көшбасшы мектебі» жобасының жетекшісі Тамара Алексеева шара оқушылардың бойында өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танытуға деген қызығушылығын қалыптастыру, әлеуметтік жобалауды жүзеге асыру аясында көшбасшылық, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту мен жетілдіру, қазақстандық отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік негіздеріне, толеранттыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылғанын айтады. «Бағдарламаға «Шешендік шеберлік негіздері», «Топтық жұмыс» және «Креативті ойлау» атты үш шеберлік сыныбы кірді. Лицей оқушылары мен «Көшбасшы мектебі» жобасының қатысушылары дайындап, өткізген «Сатылым уақыты» іскерлік ойыны мен «Өз ойым бар» пікір алмасу алаңында мектеп оқушылары өз білімдерін тәжірибе барысында көрсете алды», дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025