Бұдан былай Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» құрамында 20-нөмірде ойын көрсетеді.
«Ресей премьер лигасының ойындарын бақылап жүретінмін. Жаңа команда жақсы қарсы алды. Команда тату, ұйымшыл. Маған команданың жартылай қорғаушысы Александр Зуев көмектесіп жүр», деді Бақтияр. Одан бөлек, алаңнын ортасында ойнаған ыңғайлы екенін, алайда бапкер қай позицияға қойса да командаға көмектесетінін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Самат Смақов та 2000-2002 жылдары «Ростов» қатарында ойнаған.