Оңтүстік Кавказ елдерінің арасындағы қақтығыс 1988 жылы бастау алған еді. Қақтығыс себебі – Әзербайжанға тиесілі таулы Қарабақ пен оған қарайтын аудандардың Армения оккупациясына өтуі.
1994 жылдың мамырында оқ атпау режиміне көшкен болатын. Содан бүгінге дейін ЕҚЫҰ-ның Минск тобының бастамасымен Ресей, Франция және АҚШ-тың араласуымен әзірге сәтсіз келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Бірақ Армения БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақты оккупациядан шығару бойынша қабылдаған төрт резолюциясын орындамады.