Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019

Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі 21 адамға арба берілді

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, мүгедектер арбасы өңірдегі аудандар мен қалаларда тұратын арбаға мұқтаж жандарға өте қажет.

Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі 21 адамға арба берілді

Бұл күндері АҚШ-тың «LDS Charites» қайырымдылық қоры және қазақстандық «Тәуелсіз өмір «ДОС» орталығы» қайырымдылық бірлестігі мен «Уақып» қайырымдылық қоры еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға 300-ден астам арбаны тегін сыйға беріп жатыр.

Өңірдегі арбаға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға берілген 21 арбаның 19-ы «LDS Charites» қайырымдылық қорынан болса, қалған екі арба «Тәуелсіз өмір «ДОС» орталығы» қоғамдық бірлестігі арқылы алынды.

Бірлестіктің атқарушы директоры Анар Омарованың айтуынша,  «DOS Ortopedia» атты арбалар - қазақстандық алғашқы бренд. Оның стандартты және электронды түрі бар.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, арамызда бюджеттің көмегі арқылы арба ала алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар аз емес. Сондықтан, олар бірнеше жыл өтініш беріп, күтеді. Жоба туралы естіп, өздері хабарласып жатқандар бар. Қайырымдылық жобасы аясында бұл құралдарды бұған дейін арбасыз жүргендер және арбасы ескіргендер де алды.

Жалпы, өңірімізде бюджет есебінен 2017 жылы 1500-ге жуық адамға арба берілсе, өткен жылы кезекке 400-ге жуық адам тұрған.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Оразбек САЯХАТ