Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Павлодарда облыстық «Ақберен» байқауында 39 оқушы үздік аталды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе өткізген  «Ақберен»  байқауына өңірдегі 8-11 сыныптарының 111 оқушысы қатысты.

Павлодарда облыстық «Ақберен» байқауында 39 оқушы үздік аталды

Байқаудың мақсаты-дарынды оқушыларды анықтау,оларға қолдау көрсету. Команда құрамына 6 оқушы және жетекші бар. Байқау номинациялары  Шешендік өнер, Көркемсөз оқу, шығарма жазу, ұлттық аспапта ойнау,ақындар айтысы,  мүшәйраға қатысуы арқылы бағаланады.

Байқауда «Шешендік өнерлерімен» көзге түскен Мүбарак Айдана Асығатұлы Шыңғыс,  Нығметулла Камила, Хаманай Асхат, Аметова Адия, Нығмет Айтолқын, Жомартов Мейрам  үздік атанды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру мақсатында  өткізеді.

Жас дарындар арасынан гуманитарлық–эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары,  талантты өнерлі балаларды іздеп табу, кәсіби бағдар беру, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп, шешендік  қабілеттеріне баса ден қою, табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.

Ал, Бердмұрат Марат, Ерғали Назерке, Қайырбаева Айдана, Мұхаметжан Аружан, Оспан Толқын, Құнашева Ділнұрлар жақсы шығарма жазды.Бұдан кейін  оқушылар мүшайраға қатысып, өлеңдер оқыды, айтысқа қатысты. Ал, Ахат Ахмеди, Қабиденов Алдияр, Аллажарова Динара, Арынов Даниял;  Серік Бексолтан, Оразбай Айгерім, Бәкір Дәрия, Зарема Нұргазиновалар домбыра, қобызда күй тартып  өз өнерлерін көрсете білді.

Байқау аудандық облыстық, республикалық кезеңдерге бөлінеді. Сондықтан, облыстық байқаудан  үздік шыққан  Айдана Мүбарак,  Азамат Базарбай, Марлен Оразбаев, Гүлнар Жанболат, Марат Бердімұрат, Ахмеди Аха республикалық  байқауға қатысады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Айқын Болатхан