Экономика • 17 Қаңтар, 2019

30 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Маңғыстауда экологиялық заң талаптарын бұзғандарға 30 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Төкенов мәлімдеді.

30 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған

2018 жылдың қорытындысы бойынша Департамент тарапынан облысымыздың табиғат пайдаланушылар іс – шаруашылығына 56 тексеру жүргізіліп (8 жоспарлы, 45 жоспардан тыс және 3 бақылаудың өзге де нысаны бойынша), 88 экологиялық заң талаптарының бұзылу фактісі анықталды. Нәтижесінде, кінәлі тұлғаларға қатысты шамамен жалпы сомасы 30 млрд.теңгені құрайтын 142 әкімшілік істер қозғалды.

Бүгінгі таңда, салынған айыппұлдардың 61,4 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді, қалған 29,7 млрд теңгені мемлекет пайдасына өндіру бағытындағы құжаттар заң орындарында қаралуда.

Сонымен қатар, экологиялық заңнама талаптарын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу мақсатында Департамент тарапынан ағымдағы жылы 853,045 млн теңгені құрайтын 65 нұсқама берілді.

Қазіргі таңда, мемлекет пайдасына 311,2 млн. теңгесі өндірілді, ал қалған соммалар мәжбүрлеп өндіру үшін сот органдарында қаралуда.

2018 жылы жүргізілген тексеріс қортындысымен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмай, қоршаған ортаға келтірілген зияны үшін «СМК Атмекен», «Азиямунайгруппсервис», «Актаукерамзит», «Кис Актау», «Сирус Казахстан», «Цемен Бетон» және «Маңғыстаумунайгаз» сынды 7 мекеменің өндіріс ошақтарының қызметі сот шешімдерімен тоқтатылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасуда.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы