Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Маңғыстауда орман өсіру жұмыстары жалғасады

384 реткөрсетілді

Бұл жайлы Маңғыстау өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков баяндады.

Облыстағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Бейнеу және Сам мемлекеттік орман мекемелерінің жалпы орман қоры жерінің көлемі – 241 599 мың га, оның ішінде орман жамылғысы 122 432 га. құрайды. Оларда жылына 300 га жерге қара сексеуіл тұқымдары себіледі. Соңғы екі жылда 206 га (2017 жылы 148 га, 2018 жылы 56  га) орман жамылғысы орман қоры жеріне қосылды. Бейнеу ауылындағы кәріздік тазарту қондырғысынан тазарып шыққан суды пайдалануға лайықталған, жылына 1 млн сексеуіл өскіндерін дайындауға арналған құны 98,0 млн теңге тұратын жалпы көлемі 8,75 га тұрақты орман питомнигін салудың, сондай-ақ Бозашы түбегінде мемлекеттік резервтегі жерде аумағы 76305 га, құны 67,0 млн теңге болатын жаңа орман мекемесін құрудың барлық құжаттары дайын. Сонымен қатар «Маңғыстау облысы әкімдігінің ормандарын молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2019-2030 жылдарға арналған қадамдық Жоспары» ҚР АШМ вице министрімен келісіліп, бекітілген.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Баға QR кодтар арқылы беріледі

Аймақтар • Бүгін, 20:40

Жас өнерпаз Алматыға ән арнады

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Күлкі керуені № 20

Руханият • 06 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар