Жарылыста күйік шалған төрт жасар қыз ауруханада жан тапсырған.
Полиция құрылыс немесе нысанды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған бұзылуы туралы баппен қылмыстық іс қозғаған.
Ел президенті Саломе Зурабишвили жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатқан ауруханаға барды. «Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл аса үлкен апат», - деп мәлімдеді ол.
«Барлық мемлекеттік мекемелерде және елдің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік ту төмен түсіріледі». Бұл туралы Грузия үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.