Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Павлодарда қалалық мәслихат депутаттары қайырымдылық шараларына  қатысуда

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс  орталығындағы тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жайлы айтылды. Жалпы, 300-ден астам ауланың жолдары жөнге келтіріліп, асфальт төселген. Мәслихатта бекітілген жоспарға сәйкес 5 тұрақты комиссия жұмыс істеуде.

Павлодарда қалалық мәслихат депутаттары қайырымдылық шараларына  қатысуда

 Өткен жылы 45 тұрақты комиссия отырысы өткізіліп, онда 90 мәселе қаралған. Сонымен қатар, 400-ге тарта көшпелі отырыс өткізілген. Депутаттар қоғамдық көліктерде қызмет көрсету сапасын бақылап, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы үшін жасалған жағдайға назар аударған. Тұрғындардан келіп түскен өтініштер негізінде жергілікті атқарушы органдарға 158 депутаттық хат жолданыпты.

Сонымен бірге, қалалық мәслихат депутаттары қайырымдылық шараларына қатысқан. Олар «Тегін IT-сыныптар» және «Мектебіме тағзым» жобалары аясында бірнеше депутат мектептерге компьютерлер сатып алу үшін 3 миллион теңге көлемінде демеушілік көрсеткен.

Сондай-ақ, Железин ауданы Алакөл орта мектебіне смарт-теледидар сыйға тартса, Баянауыл ауылында тарих кабинеті ашылды.Тіпті, су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына құрылыс материалдарын жөнелтті. Облыс орталығындағы шағын аудан тұрғындары да көмек көрсетті. Жалпы, өткен жылы депутаттар қайырымдылық шараларына 12 миллионнан астам теңге қаржы жұмсаған.  

 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

 ПАВЛОДАР